"Басынан тепкен": Алматы облысында жігітті жабылып ұрғандар іздестірілуде

640

Алматы облысының полициясы күдіктілерді іздестіріп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Басынан тепкен": Алматы облысында жігітті жабылып ұрғандар іздестірілуде Фото: бейнеден скриншот

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 27 сәуір күні таңертең Бесағаш ауылындағы "Нұрия" тұрғын үй кешенінің аумағында болғаны анықталды.

Бұл жағдай бойынша полицияға азаматтардан арыз немесе хабарлама түспеген.

– Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда көшедегі жанжалға қатысқан барлық тұлғаларды анықтау және ұстау бойынша шаралар қабылданды. Күдіктілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады, – деп хабарлады департаменттен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу