Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды

467

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды Фото: polisia.kz

Алматы облысында арнайы операция кезінде есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

17 ақпанда жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Іле ауданы ПБ қызметкерлерімен бірлесіп Қосөзен ауылының аумағында синтетикалық есірткі өндіретін зертхананы анықтады.

Аталған дерек бойынша есірткі құралдарын заңсыз дайындау әрекеті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Арнайы операция кезінде 33 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тұрғын үй-жайларын тінту нәтижесінде ақ түсті, ерекше иісі бар ұнтақ заты бар полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.

Сараптамалық тексерулердің нәтижесі бойынша алынған заттың жалпы салмағы 3 келі 840 грамм болатын мефедрон есірткісі болып шықты. Осылайша полицейлер қара нарықта құны шамамен 100 миллион теңге болатын есірткінің 1500 бір реттік дозасын таратуға жол бермеді.

Сонымен қатар 40 дана шыны ыдыс, химиялық сұйықтығы бар 7 канистр және есірткі дайындауға арналған басқа да құрылғылар тәркіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу