Алматы облысында ет пен сүт өндірісі артып келеді

930

Алматы облысында ет пен сүт өндірісі артып келеді

Алматы облысының Жамбыл ауданында өткен жылы 21 мың 913 тонна ет, 39 мың 668 тонна сүт өндірілген. Бұл туралы Жамбыл ауданының әкімі Жандарбек Далабаев тсеп беру жиынында айтты, делінген облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің ақпаратында.

Аудан әкімінің айтуынша, өңірдегі 3 мың басқа арналған "Империя Фуд" ЖШС-ның мал санын алдағы уақытта 10 мыңға дейін арттыру көзделіп отыр. Оған қоса қуаттылығы 5000 тонналық, жалпы құны 288 млн теңгенің астық қоймасын салу жұмысы жүріп жатыр. Оның 224 млн  теңгесі – "Казагрофинанс" АҚ-ның, 64 млн теңгесі – компанияның өз қаржысы. Аталмыш мал бордақылау алаңы бүгінге дейін 2607 бас ірі қара малын бордақылап,  1013 тонна ет немесе  968 млн теңгенің өнімін өндірген,  ал биылғы жылғы меже – 1,5 мың тонна. Бұл компания Қасымбек ауылында құны 2 млрд 300 млн теңге болатын ет өңдеу зауытының құрылысын жүргізуде, зауыт осы жылдың бірінші жартысында іске қосылады.

Сонымен қатар ауданның Қарақыстақ ауылындағы "Табыс" шаруа қожалығы 600 басқа арналған, жалпы құны 1 млрд 780 миллион теңге тұратын  сүт- тауарлы фермасын салып, Украинадан асыл тұқымды сиыр малын сатып алу жұмыстарын жүргізуде. Шаруашылық толық қуатымен жұмыс істегенде жылына 6,0 мың тонна сүт өндіретін болады. Осыған байланысты аталған кәсіпорын қуаттылығы 5,0 мың тонналық сүт өңдеу зауытын салу жұмысын қолға алды.

Жамбыл ауданы облыс бойынша қой мен ешкі өсіруден 1-ші, ірі қара, жылқы және түйе өсіруден 2-ші, құс саны бойынша 5-ші орында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу