Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, 30 қаңтарда "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында облыс аумағында іздеуде жүрген тұлғаларды анықтауға бағытталған локальды-рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жедел-іздестіру шаралары барысында республикалық маңызы бар Алматы – Бішкек автожолы бойында орналасқан қоғамдық тамақтану орындарының бірінде ер адам ұсталған. Тексеру нәтижесінде оның 1994 жылы туған, Тәжікстан Республикасының азаматы екені анықталды.
Бұған дейін аталған азаматқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Қазіргі уақытта ол Қарасай аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес барлық қажетті процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп жатыр.