Алматы облысында ірі агроөнеркәсіптік кластер салынып жатыр

215

Бұл жаңалықты Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.  

Алматы облысында ірі агроөнеркәсіптік кластер салынып жатыр Фото: gov.kz

Қонаев қаласында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдейтін ірі агроөнеркәсіптік кластердің құрылысы басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Инвестициялық жобаны 2010 жылдан бері ұн, мал азығы және өсімдік майларын өндірумен айналысатын "Қапшағай Бидай Өнімдері" ЖШС жүзеге асыруда. Жобаның құны – 15 млрд теңге.

Кластер құрамына бірден бірнеше өндірістік бағыт кіреді: ұн тарту өндірісі, май өндіру, құрама жем зауыты, қапшық өндіретін кәсіпорын. Кластер тәулігіне 1,5 мың тонна астық өндіретін болады.

Жоба шетелдік нарықтарға да бағытталған. Компания жыл сайын Қытайға 1 млн тоннаға дейін дайын өнім экспорттауды жоспарлап отыр.

Жалпы, Қонаев қаласында қазіргі уақытта жалпы құны 240 млрд теңгеден асатын 11 ірі инвестициялық жоба іске асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу