Алматы облысында ірі көлемде ескірті тасымалының жолы кесілді

853

Алматы облысында ірі көлемде ескірті тасымалының жолы кесілді

Алматы облысында көлігіне ірі көлемде есірткі жасырған тұрғын ұсталды. 36 жастағы көлік жүргізушісін полицейлер "Алматы-Бішкек" тасжолының 59 шақырымында орналасқан бақылау бекетінде тексеру барысында қолға түсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көлікте жасырылған есірткі арнайы үйретілген қызметтік иттің көмегімен табылды. "5 келі 360 грамм гашиш көліктегі орындықтың астына жасырылған. "Мерседес-Спринтер" көлігінің жүргізушісі ұсталып, Жамбыл аудандық ІІБ-де қамауға алынды. Қазір күдікті есірткіні қай жерге жеткізбек болғаны анықталып жатыр", - деп мәлімдеді ІІД баспасөз қызметі.

Қазір осы фактіге сәйкес ҚР ҚК 296 бабының 4 тармағына орай соталды тергеу басталды. Ал ұсталған күдікті Талғар ауданының тұрғыны екені анықталды.

Полицейлердің мәліметінше, жыл басынан бері Алматы облысында 4 тоннадан аса есірткі тәркіленген. Оның 1 келісі героин болса, 15 келіден астамы гашиш.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу