Алматы облысында итті көлігіне байлап сүйреген жүргізуші ұсталды

575

Жүргізуші сағатына шамамен 60 шақырым жылдамдықпен сүйреген.  

Алматы облысында итті көлігіне байлап сүйреген жүргізуші ұсталды Фото: instagram.com/_dzhanabekova

Алматы облысының полицейлері итті көлікке байлап, жол үстімен сүйреген жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Желіде куәгерлердің көлік артынан жүгіріп бара жатқан итті түсіріп алған видеосы пайда болды. Видео авторының айтуынша, жүргізуші сағатына 60 шақырым жылдамдықпен келе жатқан.

Алматы облысының Полиция департаменті Талғар ауданының полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 316-бабымен ("Жануарларға қатыгездік көрсету") істі тергеуді бастады.

"Сотқа дейінгі тергеу жоғарыда аталған бөлімше қызметкерлеріне жүктелді. Құқық бұзушы – азамат Ж., 1987 жылы туған. Қазіргі уақытта айыпталушы қатыстырыла отырып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы облысы Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу