Алматы облысында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ жасырылған орын табылды

334

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.  

Алматы облысында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ жасырылған орын табылды Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

6-9 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шаралары шеңберінде Алматы облысында қаруы бар 3 жасырын орынды анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"4 Калашников автоматы мен оған 3 оқжатар, Макаров тапаншасы, карабин, аңшы мылтығы, сондай-ақ әртүрлі калибрдегі 65 патрон алынды", – делінген ҰҚК хабарламасында.

Алдын ала деректер бойынша, табылған қару Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу