Алматы облысында қаңтарылып тұрған қант зауыты іске қосылады

970

Алматы облысында қаңтарылып тұрған қант зауыты іске қосылады

14 жылдан бері жұмыссыз тұрған Ақсу қант зауытын биыл іске қосу жоспарланған. Бұл туралы Алматы облысының әкімдігі мәлім етті.

Әкімдік биыл 300  мың тоннадан артық қант қызылшасын жинап, 30 мың тонна қант өндіру көзделгенін айтып отыр.  Бұл былтырғы жылғы көрсеткіштен (25 мың тонна қант)  5 мың тоннаға көп.

"Осылайша импортқа тәуелділік азаяды. Зауытты іске қосудан бөлек, қант қызылшасы алқабы 2,7 мың гектарға ұлғайтылып, 9 мың гектарға жеткізіледі (2016  жылы 6,3 мың гектар болған), – деп хабарлайды әкімдік.

Баспасөз қызметінің дерегі бойынша, облыста жалпы ауыл шаруашылығы өнімдері  603,9 млрд теңгеге дейін артпақ.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында Ақсу қант зауытын жаңғырту үшін инвестор іздестіріліп жатқаны бұған дейін де хабарланған болатын.

Дегенмен өңірде бұдан басқа сүт зауыты және Талғар ауданындағы "Байсерке-Агро" ЖШС-на тиесілі ет өңдеу кешені жұмыс істемей тұр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу