Алматы облысында қар көшкіні жүру қаупі сақталады

454

Бұл туралы Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Алматы облысында қар көшкіні жүру қаупі сақталады Фото: massaget.kz

Ведомство мәліметінше, Алматы облысының тауларында 26-31 қаңтар аралығында көшкін қаупі сақталады.

"Азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды", - делінеді хабарламада.

Еске салсақ, Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 48 көшкін қаупі бар учаске бар. Қар көшкінінің түсуі негізінен температура фонының жоғарылауы, жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу