Алматы облысында кәріз жүйесін тазалау кезінде 3 адам қайтыс болды

761

Алматы облысында кәріз жүйесін тазалау кезінде  3 адам қайтыс болды

Алматы облысында кәріз жүйесін тазалап жатқан сантехник нәжіске батып, оған үш адам көмекке ұмтылған. Өкінішке қарай, 3 адам нәжістің иісіне уланып қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаға ұстарлық оқиға Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы ауруханада болған.

"Сантехникке көмекке келгендердің ішінде 2 дәрігер мен бір сантехник бар. Барлығы 4 адам болған. Оқиға салдарынан дәрігер мен екі сантехник қайтыс болды. Тағы бір дәрігер жансақтау бөлімінде жатыр", - деп мәлім етті облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, оқыс оқиға жайлы мәлімет құтқарушыларға кеше күндізгі сағат 12:34-те түскен. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары оқиға орнына 9 минутта жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу