Алматы облысында картоп өңдейтін зауыт салынады

805

Алматы облысында картоп өңдейтін зауыт салынады

Бүгін Алматы облысының əкімі Амандық Баталов картоп өндіретін зауыт салуды бірлесіп жүзеге асырудағы серіктес компания "Farm Frits Kazakhstan" ЖШС өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.  

Облыс əкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов айтуынша, компаниямен келісімдер жүргізу 2016 жылы тамызда басталған. Қазіргі кезде жүзеге асыру барысында туындаған мəселелерді шешуде ілгерілеу бар. Бүгінгі күні Іле ауданындағы "Береке" индустриалды аумағында зауыт құрылысы үшін аумағы 25 га аумақ жер бөлінген. Мемлекеттік органдармен жəне қаржы институттарымен бірлескен жұмыс жалғасып жатыр. 

Өз кезегінде компания өкілі - жоба жетекшісі Йос Дэн Боэр қазақстандық  "Еуразия" компаниялар тобымен серіктес болып, бірлескен қызмет туралы келісімшартқа қол қойылғанын жеткізді.

Йос Дэн Боэрдің айтуынша, 2019 жылғы сəуірдің басында зауыт құрылысын салу басталады, 2020 жылдың қазанында алғашқы өнімі алынады деп жоспарланған. Компания тек картопты өңдеумен ғана емес, өндірумен де айналысады.

Жоба жетекшісінің айтуынша, "Farm Frits Kazakhstan" ЖШС зауыттың өңдейтін картобын жергілікті фермерлерден қабылдамақ. Инвесторлар Қапшағай қаласында да картоп өсіруді дамытса жақсы болар еді деген ұсыныс білдірді.

Өз кезегінде облыс əкімі Амандық Баталов биылғы жылы картопты өндірістік деңгейде өсіру ауыл шаруашылығының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Биылғы жылы картоп өндірісін дамытуға барлық мүмкіндіктері бар Райымбек ауданында "Жетісу" ƏКК арқылы сервистік-дайындау орталықтары құрылып, қажетті техника сатып алынды. Ал сəуірде гектарына 350 центнерден өнім беретін, голландиялық сорттың 240 тонна сапалы тұқым әкелінеді.

Сонымен қатар Амандық Баталов зауыт қүрылысы облысқа тартылатын ауқымды инвестиция ғана емес, ең бастысы жергілікті халық үшін тұрақты жұмыс орны əрі шаруалар үшін өнімін өткізуге жақсы мүмкіндік екенін айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу