Алматы облысында кәсіпкер әйелдерге арналған шеберлік сабағы өтеді

876

27 және 28 маусымда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының көрікті жерінің бірінде Ауыл әйелдерінің бірінші өңірлік форумы өтеді.

Алматы облысында кәсіпкер әйелдерге арналған шеберлік сабағы өтеді

Іс-шараның басты мақсаты – әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, сондай-ақ ауыл әйелдерінің экономикалық әлеуетін дамыту, деп хабарлайды "Атамекен" ҰКП баспасөз қызметі.

ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары, "Атамекен" ҚР ҰКП өкілдері, Алматы облысы әкімдігі, Отбасы бизнесі қауымдастықтарының өкілдері форумның спикерлері болады.

Форумның ұйымдастырушылары – Алматы облысы әкімдігі және Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі. Іс-шараға 200-ден астам қатысушы – шаруа қожалықтардың басшылары, ШОБ жетекшілері, әлеуметтік мекемелер, ауыл мектептері немесе колледждердің директорлары, жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, белсенді жастар қатысады.

 Қазіргі таңда халықтың 80%-ы ауылда тұрады, кәсіпкерлердің шамамен 42%-ы – әйелдер.

 Іс-шараны ұйымдастырушылар ауыл тұрғындары халықаралық ұйымдар, даму институттары, әлеуметтік инвесторлармен бірге В2В форматында келіссөздер, оқу семинарларында кездесе алатын алаңдарды құруға ниеті.

 Осы күндері Азия даму банкінің қолдауы шеңберінде "Атамекен" ҚР ҰКП ұйымдастыруымен "Ауылдық жерлерде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту" шеберлік сабағы өтеді.

Қатысушыларды бизнес негіздері және қаржыландыруға қолжетімділік: бастапқы капиталды қайдан табуға болады, банктен грант немесе несиені қалай алуға болады? Жеке кәсіпті дамытып, өткізу нарықтарын жолға қоюға болатыны жайында пайдалы тренингтер күтеді.

 Қатысушылар бизнес-жоспарды құру, әлеуетті клиенттерді табу, жарнаманы құру және бизнесті интернет арқылы алға жылжыту дағдыларын үйренеді.

Форум Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген шатқалы, "Stetson Rancho" қонақүй-мейрамхана кешенінің 22-учаскесінде өтеді.

 Семинарға Өңірлік кәсіпкерлер палатасы zhetysu@atameken.kz арқылы жазылуға болады.

Естеріңізге салсақ, Азия даму банкінің қолдауы шеңберінде "Атамекен" ұйымдастыруымен тегін оқу семинарлары еліміздің 15 өңірінде өтеді

Семинарларға жұмыс істеп жатқан және ауыл-аймақта тіркелген кәсіпкер әйелдер, сонымен қатар "Бастау Бизнес" жобасы шеңберінде оқудан өткен, түрлі себептермен қаржыландыру алмаған жеке тұлғалар (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар) қатыса алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу