banner

Алматы облысында кәсіпкерлікке арналған жаңа бағдарлама іске қосылды

966

Алматы облысында кәсіпкерлікке арналған жаңа бағдарлама іске қосылды

Аталған бағдарлама үш бағыт бойынша атқарылады. Оның екінші бағыты бойынша кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасалады. Сондай-ақ, кәсіпкерлікпен айналысуға бел буған азаматтардың  несие алуына көмек көрсетіліп, кәсіпкерлік дағдыларын алу үшін "Бизнес бастау" жобасы бойынша тегін оқыту ұйымдастырылады. Бұл жұмыстар өңірлік кәсіпкерлер палатасының қатысуымен  жүзеге асырылатын болады.

"Бұл орайда шағын несие берудің барлық инструменті біріктірілетін болады және экономиканың кез келген саласында өз бизнесін дамытуға мүмкіндіктері қарастырылады. Кепілдік мүлікті ұсынуды жеңілдету мақсатында микрокредитті кепілдендіру енгізілуде. Бұл шағын несие алу жолын оңтайландыру шараларының бірі. Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда берілетін микрокредиттерді кепілдендіру "ҚазАгроГарант" акционерлік қоғамы, ал қалаларда  "Даму" қоры  арқылы жүзеге асырылады. Кепілдік беру жүйесіне қатысатын азаматтарға арнайы шарттар бекітілген. Атап айтар болсақ, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін кепілдік мөлшері микрокредиттің сомасының 85%-нан, ал жұмыс істеп жүрген кәсіпкер үшін 50%-нан аспайтын мөлшерде ұсынылады. Несиенің ең жоғарғы құны 18 млн. теңгеге дейін ұлғайтылып, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 6%-дан аспайды. Несие берудің жалпы мерзімі 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауылшаруашылығы кооперативтерін құру үшін 7 жылға дейінгі мерзімді құрайды. "Бастау Бизнес" жобасына қатысатындарға ең алдымен тестілеу, одан кейін практикалық оқыту, бизнес-жобаны дайындау, сонымен қатар, 12 айға дейін бизнесті сүйемелдеу жүргізіледі. Мемлекет тарапынан берілетін бұл шаралар да жаңа кәсіпкерге үлкен қолдау болады. Себебі, жаңа бизнесті тиімді ұйымдастыру үшін маркетингтік, бухгалтерлік кеңестер және салық төлеу бойынша да нақты көмектер беріледі", – дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қаныбек Айтжанов.

Бағдарламаға қатысушыларға кеңес беру мақсатында арнайы "Call" орталығы ашылып, қызмет көрсете бастапты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу