Алматы облысында қаза тапқан полицей: Күдікті жасөспірімдер үйқамаққа жіберілді

128

Олар электронды білезіктермен жүреді.  

Алматы облысында қаза тапқан полицей: Күдікті жасөспірімдер үйқамаққа жіберілді Фото: dalanews.kz

Алматы облысының Кеген ауданында полицейдің өліміне қатысты іс бойынша күдікті деп танылған жасөспірімдер үйқамаққа жіберілді. Тиісті ақпаратты адвокаттар Гаухар Сарыева мен Динара Шамшекова мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Кеше Кеген аудандық сотының тергеу судьясы С.К.Рамазанова біздің қорғауымыздағы азаматтарға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау жөніндегі сотқа дейінгі тергеу органының өтініштерін қарады. Сот шешімімен кәмелетке толмаған қорғауымыздағы тұлғаларға үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта балалар үйлеріне жіберілді. Сот қаулысына сәйкес, алдағы уақытта олардың тұрғылықты жеріне бейнебақылау жүйесі мен электронды білезіктер орнатылуы тиіс", – делінген жазбада.

Адвокаттардың хабарлауынша, сот отырысы кезінде қорғау тарапы тергеу аясында назардан тыс қалмауы қажет жайттарға да тоқталды. 

"Балалар ұзақ уақыт бойы жүйелі зорлық-зомбылық пен қатыгездік жағдайында өмір сүрген болуы мүмкін. Біз мұны нақты факт ретінде айтып отырған жоқпыз. Сондықтан бұл мәліметтердің бәрі тергеу барысында жіті тексерілуі тиіс. (...) Біз болған жағдайды ақтауға тырысып жатқан жоқпыз", – деп жазды адвокаттар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу