Алматы облысында кішкентай қызды тепкен шетелдік 2 айға қамауға алынды

398

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Аленов мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz тілшісі.

Алматы облысында кішкентай қызды тепкен шетелдік 2 айға қамауға алынды Фото: ult.kz

 

"Сотқа дейінгі тергеу жүргізу кезінде жас баланы теуіп жіберген ер адам екі ай қамауға алынды", - деп жазды облыс ПД басшысы Instagram парақшасында.

Бір-екі күн бұрын Қарасай ауданының сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде болған ер адам 2019 жылы туған қыздың дене жарақатын алуына себепші болған.

Азамат К. - ның өтініші бойынша бұл факт ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі "бұзақылық" бойынша аудандық полиция департаментінде тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары 1998 жылы туған Түркия Республикасының азаматын дереу анықтап, полицияға жеткізді.

"Сараптама тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі. Тергеу барысын мен бақылауға алдым. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібіне сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді", — деп қорытындылады Б. Аленов.

23 шілде күні Қарасай ауданының Полиция басқармасына сауда ойын-сауық орталығында белгісіз ер адамның 4 жасар қызына дене жарақатын келтіргені туралы 1996 жылғы азаматшадан арыз түскенін еске саламыз. Тәртіп сақшылары бірден 1998 жылғы Түркия елінің азаматын ұстаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу