Алматы облысында қоқыс үйінділерін уақытылы жоймаған шенеуніктерге айыппұл салынды

514

Лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Алматы облысында қоқыс үйінділерін уақытылы жоймаған шенеуніктерге айыппұл салынды Фото: Алматы облысының прокуратурасы

Алматы облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы экология департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізгенін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазақстан Ғарыш Сапары" АҚ геопорталы арқылы облыс аумағында 351 стихиялық қоқыс орны анықталды. Атап айтқанда, Еңбекшіқазақ ауданында – 61, Іле ауданында – 91, Қарасай ауданында – 56, Талғар ауданында – 33, Қонаевта – 85 қоқыс орны.

Оның ішінде 247 стихиялық полигон жойылған. Ал, 104-і жойылмаған күйінде қалып отыр.

"Бұл жағдайда стихиялық қоқыс орындары жергілікті атқарушы органдар тарапынан бақылаудың жоқтығынан ұзақ уақыт бойы жиналатындығы байқалады, бұл көптеген жағымсыз салдарға әкеледі: топырақтың атмосфералық ауаның ластануы, санитарлық жағжайдың нашарлауы. Оған бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі көптеген сыни сюжеттер дәлел бола алады", - деп хабарлады прокуратура.

Прокуратураның ұсынысы бойынша экология Департаменті ӘҚБтК-нің 344-бабының 3-бөлігіне сәйкес Іле, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары мен Қонаев қаласының әкімдерінің басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 100 АЕК-тен (306 300 теңге) айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу