Алматы облысында көлік аялдамаға соғылып, 2 адам қаза тапты

127

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 13 маусым күні Өтеген батыр ауылындағы Жансүгіров көшесінде болған. 

Алматы облысында көлік аялдамаға соғылып, 2 адам қаза тапты Фото: МЧС РФ

Алматы облысының Іле ауданында жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, автобус аялдамасына соғылды. Салдарынан екі адам көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– BMW-323 автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, аялдамаға соғылды. Көліктегі жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмды, – делінген ведомство хабарламасында.

Жүргізуші мен тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, жүргізуші жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу