Алматы облысының Көкөзек ауылында Lexus RX 300 жүргізушісі артқа қозғалған кезде велосипед теуіп жүрген 6 жасар баланы қағып кеткен. Ол жарақат алған баланы көре тұра, оқиға орнынан кетіп қалды.
"Қазіргі уақытта күдіктінің орналасқан жерін анықтап, ұстау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Облыстық полиция департаментінің барлық жеке құрамы бағытталды. Жол-көлік оқиғасы және оқиға орнын тастап кету фактісі бойынша қылмыстық істер тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.
Бала ауруханаға жеткізілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу