Алматы облысында күн электр станциясының құрылысы аяқталды

1574

Станцияның құрылысы 2019 жылғы мамырда басталған болатын. 

Алматы облысында күн электр станциясының құрылысы аяқталды

Алматы облысында қуаты 0,4 МВт күн электр станциясының (КЭС) құрылысы аяқталды.  

"Станция "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ желілеріне қосылған, таяу арада "ЖЭК-ті қолдау  жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы" ЖШС-ға электр энергиясын босатуды бастайды",– деп хабарлады жобаны іске асырған "Samruk-Green Energy" ЖШС баспасөз қызметі.

Станцияның құрылысы 2019 жылғы мамырда басталған болатын. Жоба Қапшағай қаласында жұмыс істеп тұрған, қуаты 2 МВт күн электр станциясы инфрақұрылымының базасында жүзеге асырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу