Бүгін Алматы облысы Іле ауданы Түймебай ауылында үш сауда бутигі мен асхананың шатырында өрт орын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Жалынның көршілес ғимараттарға таралу қаупіне байланысты құтқарушылардың негізгі күші жақын маңдағы нысандарды қорғауға және өрттің одан әрі таралуына жол бермеуге бағытталды", – делінген хабарламада.
Өрт 323 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу