Алматы облысының Қарасай ауданында құтқарушылар тауда адасып қалған жас жігітке көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға Үлкен Алматы шыңының маңында, теңіз деңгейінен 3681 метр биіктікте болған. Жорық кезінде 2007 жылы туған жігіт бағытынан адасып, таудан өз бетінше түсе алмаған.
Алматы қаласының Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары оны экологиялық бекетке дейін алып барды.
Жас жігітке медициналық көмек қажет болмаған. Кейін ол үйіне өз бетінше қайтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу