Алматы облысында қызметтік тұрғын үйдегі өрттен әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты

92

Алматы облысындағы "Нарынқол" шекара заставасының аумағында орналасқан қызметтік тұрғын үйде өрт шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматы облысында қызметтік тұрғын үйдегі өрттен әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты Фото: canva

Оқиға орнына жеткен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тілсіз жауды толық сөндірді.

Өрт салдарынан әскери қызметші мен оның кәмелетке толмаған баласы көз жұмды.

Қайғылы жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланды.

"Шекара қызметі марқұмдардың туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Оларға қажетті барлық көмек көрсетіліп жатыр", – делінген ресми ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу