Алматы облысында қызылша жұқтырғандар күрт көбейді

205

Өңірде сырқаттанушылықтың жоғары деңгейі төрт ауданда байқалды.

Алматы облысында қызылша жұқтырғандар күрт көбейді Фото: inbusiness.kz

Алматы облысында жыл басынан бері 1 мыңнан астам адам қызылша ауруын жұқтырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, сырқаттанушылықтың жоғары деңгейі Қарасай (137,2), Еңбекшіқазақ (114,1), Талғар (70,5), Іле (54,2) аудандарында тіркелген. 

"Айта кету керек, сырқаттанушылықтың басым бөлігін, яғни, 86%-ын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Оның ішінде, сырқаттанушылықтың 5 жасқа дейінгі балалар арасында таралу жиілігі 85%-ды (жоғары) құрады. Кәсіптік құрамына келсек, 56% ұйымдастырылмаған балаларға, 18% мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешіленулеріне, 13% мектеп оқушыларына,1% медициналық қызметкерлерге, ал 12% басқа топтарға келеді", делінген хабарламада.

Айта кетейік, қызылшамен ауырып жатқандардың 85%-ы екпе алмағандар екені белгілі болды.

"Қызылшадан жалғыз тиімді қорғаныс – ол вакцинация. Елімізде қызылшаға қарсы вакцинация баланың 1 және 6 жасында жүргізіледі. Қызылшаға қарсы вакцинация үшін қызамық пен паротитке қарсы компонентпен біріккен вакцина қолданылады", деп хабарлады Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу