Алматы облысында шетел азаматы жаңа туған сәбиін сатпақ болған

1107

Күдікті бала сату жөніндегі хабарламаны әлеуметтік желіге жариялаған.

Алматы облысында шетел азаматы жаңа туған сәбиін сатпақ болған Фото: Алматы облысы ПД

22 қарашада Алматы облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Stop Traffic" профилактикалық іс-шарасы барысында Қарасай ауданында көрші республиканың 24 жастағы тумасын ұстады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Әйелдің жүктілігі жеті айлық кезінде құрсақтағы баласын сату туралы хабарландыруды әлеуметтік желіге жариялағаны анықталды.

"Бұл дерек Қарасай ауданы әкімдігінде ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабының 1-бөлігімен тіркелді, қазіргі уақытта күдіктіге қатысты жан-жақты, толық және объективті сараптамалар тағайындау арқылы жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде", - деді облыстық полиция басшысы Бауыржан Әленов.

Күдікті заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу