Алматы облысында мамандар республикалық жолды су басу қаупінің алдын алды

399

Алматы облысында қар күрт еру нәтижесінде "Екатеринбург – Алматы" автожолының үш учаскесінің жол жиегіне еріген қар суы ақты.

Алматы облысында мамандар республикалық жолды су басу қаупінің алдын алды Фото: Baribar.kz

Күре жолды су басып, шайылып кетуіне жол бермеу мақсатында өңірдегі ҚазАвтоЖол қызметкерлері еріген қар суын бұру бойынша жедел жұмыс жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазір еріген қар суы су өткізгіш құбырлар арқылы өтуде. Жол жиегін нығайту және инертті материалдары бар қап төсеу жұмыстары жалғасуда. 20 маман мен 15 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Тәулік бойы кезекшілік және патрульдеу ұйымдастырылды.

Республикалық маңыздағы күре жолдар барлық бағытта ашық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу