Алматы облысында мопед жүргізушісі әжейді қағып, қашып кеткен

653

Жүргізушінің жеке басы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде анықталды.  

Алматы облысында мопед жүргізушісі әжейді қағып, қашып кеткен Фото: Видеодан скриншот

Алматы облысының Боралдай кентінде мопед жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан қарт әйелді жоғары жылдамдықпен қағып кеткені анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бейнебақылау камерасындағы кадрлардан әйел адам жолдан өтіп бара жатқан сәтте мопед соққаны көрінеді. Соққының салдарынан жаяу жүргінші бірнеше метрге ұшып түсіп, жерге құлаған.

Оқиғадан кейін жүргізуші заттарын жинап алып, жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған.

"Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасы болған жерден бой тасалаған мопед жүргізушісін анықтап, жауапкершілікке тартты. Ол жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші мен мопедтің жолаушысы түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мопед жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзғаны және жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу