Алматы облысында мүгедектігі бар азаматтарға жұмыс квотасы 10 есе аз бөлінген

89

Заңбұзушылықты облыстық прокуратура анықтады.

Алматы облысында мүгедектігі бар азаматтарға жұмыс квотасы 10 есе аз бөлінген Фото: gov.kz

Әлеуметтік кодекске сай, штатында 50-ден аса қызметкері бар 471 мекеме кемінде 963 жұмыс орнын қарастыруға тиіс еді. Алайда бұл міндетті тек 55 ұйым орындаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Соның салдарынан мүгедектігі бар азаматтардың еңбекке араласып, тұрақты жұмыс табуына берілетін мүмкіндік шектелген.

– Талдау барысында заңнамада көзделген жұмыс орындарының квотасы толық көлемде орындалмағаны анықталды. Прокурордың қадағалау актісі бойынша аталған заң бұзушылықтар жойылып, қазіргі таңда лауазымды жауапты тұлғалар, 5-ке жуық лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды, – деп мәлімдеді Алматы облысы прокурорының көмекшісі Абылайхан Тәжібай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу