Алматы облысында мың тоннадан аса балық Еуропаға заңсыз эспортталған

343

Сондай-ақ, өнімді экспорттауға жалған ветеринарлық сертификат қолданылған.

Алматы облысында мың тоннадан аса балық Еуропаға заңсыз эспортталған Фото: видео скриншот

Алматы облысында мың тоннадан астам көксерке балығы Еуропа елдеріне заңсыз эспортталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қаржы мониторингтік агенттігіне сілтеме жасап.

Балық өнімінің аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабандасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті жүргізуде. 

"Сотқа дейінгі тергеу нәтижесінде 2022 жылдың шілде айы мен 2023 жылдың сәуір айы аралығында заңды тұлғаның Еуроодақ елдеріне 1 135 тоннадан аса көксерке сүбесін экспорттағаны анықталды. 

Экспорттауға рұқсат алу үшін ЖШС басшылығы балықтың Қырғыз Республикасынан ауланып, елімізге кіргізілгендігін растайтын жалған ветеринарлық сертификатты қолданған", - делінген хабарламада. 

Бірақ балықтың Алматы облысының су қоймаларынан рұқсат құжаттарсыз ауланғаны анықталды.

Сонымен бірге, тергеу барысында экспорттауға дайын 125 тонна көлемдегі балық өнімін қоймаға түсіру фактісі анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу