Алматы облысында нөсер салдарынан трассаның бір бөлігін су басты

250

 Су жолдың үстімен шамамен 15–20 минут бойы аққан.  

Алматы облысында нөсер салдарынан трассаның бір бөлігін су басты Фото: kaz.inform.kz

Бүгін сағат 15:30 шамасында Алматы облысындағы "Көкпек – Кеген" автожолының 34-шақырымында таулы аймақта жауған қысқа мерзімді нөсер салдарынан сел суы жолға жайылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Соның салдарынан ұзындығы 40–50 метр учаскеде жол жиегінің бір бөлігі шайылды. Қазіргі уақытта жол үстімен су ағуы тоқтатылып, су кювет арқылы ағызылып жатыр. Су өткізу құбырлары мен көпір құрылыстары қалыпты жұмыс істеп тұр. Шайылған жол жиегін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – делінген "ҚазАвтоЖол" ҰК хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу