Алматы облысында Өзбекстанның өндіріс орындары ашылады

849

Алматы облысында Өзбекстанның өндіріс орындары ашылады

Өзбекстан Жетісу жерінде бірнеше өндіріс орнын ашуға ниет білдіріп отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Ауыл шаруашылық техникаларын құрастыратын цех, одан кейін тоқыма фабрикасы мен тағам дайындау кәсіпорындарын іске қосу мүмкіндіктері қарастырылмақ. Бұл туралы Алматы облысынан Өзбекстанға барған ресми делегацияның сапары кезінде мәлім болды.

Бүгінде екі аймақтың сыртқы саудадағы өзара тауар айналымы 36 миллион долларды құрайды. Оның 16 миллионы экспорттың үлесіне тиеді.

"Жуық арада ол жақтан арнайы делегация келетін болды. Және біз осы Алматы облысының инвестициялық потенциалын көрсететін боламыз", - дейді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу