Алматы облысында өзеннен 4 жасар баланың денесі табылды

426

Бала судың жанында ойнап жүріп, ішіне құлап кеткен. 

Алматы облысында өзеннен 4 жасар баланың денесі табылды Фото: бейнеден скриншот

Алматы облысында Қаскелең қаласының өзенінен төрт жасар баланың денесі табылды. Жақын жерде ата-анасы болмаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Маңайдағы куәгерлер құтқарушыларды шақырып, олар баланы жарты күн бойы іздеген. Кешке қарай жоғалған баланың денесі Қаскелең өзенінің арнасынан табылды. Бүлдіршіннің денесі сот-медициналық сараптама жүргізу үшін мәйітханаға жеткізілді. Нәрестенің неліктен қараусыз қалғаны айтылмаған.

Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайларды жою бөлімінің маманы Дархан Өмірәлиевтің сөзінше, қайғылы оқиғалардың басты себебі – ересектердің балаларды қараусыз қалдыруы. Тек жыл басынан бері Алматы облысында кәмелетке толмағандар арасында су айдындарында 12 жазатайым оқиға болған.

“Куәгерлердің айтуынша, 2020 жылы туған бала өзен жағасында ойнап жүріп абайсызда суға құлап кеткен. Оқиға орнына алты құтқарушы мен бір техникадан тұратын Республикалық жедел құтқару жасағы күштері мен құралдары тез арада жетті. Құтқарушылар дереу іздеу жұмыстарын бастады. Сағат 17:45-те баланың денесі табылды. Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті балаларды қараусыз қалдырмауды ескертіп, су айдындарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады”, – деді Өмірәлиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу