Алматы облысында полицейлер көлікті тоқтату үшін қару қолданды

341

Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Алматы облысында полицейлер көлікті тоқтату үшін қару қолданды Фото: inbusiness.kz

Алматы облысында тәртіп сақшылары қару қолдануға мәжбүр болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан оқиға орнынан қашпақ болған көліктің дөңгелегіне полицейдің бірнеше рет оқ атқанын көруге болады.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Іле ауданы Жайнақ ауылында болған. Жүргізуші куәлігі жоқ кәмелетке толмаған бала көлік басқарып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, оқиға орнына кетпек болған. Автокөлікті мәжбүрлі түрде тоқтату үшін полицейлер қызметтік атыс қаруын қолданып, көлікті тоқтатып, жүргізушіні ұстаған.

– Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланың әкесін бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартты. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады департаменттен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу