Алматы облысында ресейлік турист көз жұмды

618

Алматы облысында ресейлік турист көз жұмды

Алматы облысында өзенді рафтингпен жүзіп өтпек болған ресейлік турист суға батып кетті, деп хабарлайды КТК.

Куәгерлердің айтуынша, қатты ағыспен келе жатқан азаматтың қайығы аударылып, өзі ізім-қайым кетіпті. Онымен бірге табиғатта демалуға келген тағы 7 ресейлік жоғалған жерлесін түні бойы іздеп, ақыры мәйітін тапқан.

Марқұмның ағысы қатты өзенде басы тасқа ұрылған екен.

Ресейлік 8 рафтингші Аспан шатқалына демалуға келіпті. Айтуларына қарағанда, бұл таулы аймақ оларға жақсы таныс. Жылда осы айда болатын өзеннің қатты ағысын әдейі іздеп келген. Қолдарында қорықшылардың берген рұқсат қағазы да бар. Бірақ, өкінішке қарай, қайықтардың бірі ағысқа шыдас бермей, аударылып кеткен.

Марқұмның денесін құтқарушылар таудың арасынан көтеріп алып шықты. Ал ағыста жаны аман қалған жеті турист бүгін-ертең еліне қайтады.  

 "Ресей азаматы, 51-ші жылғы Бакиров Азамат қаза болғандығы туралы ақпарат анықталды. Жедел құтқару тобымен қауіпсіз жерге шығару мақсатында зембілмен Ащыбұлақ ауылының маңайына ІІД қызметкерлеріне тапсырылған болатын", - дейді Алматы облысы ТЖД құтқару тобы жетекшісінің орынбасары Берік Найзабеков. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу