Алматы облысында шаңғымен жүгіруден Қазақстан кубогы сарапқа салынуда

668

22 желтоқсан күні коньки стиліндегі спринттік жарыстан әйелдер арасында Эльмира Мутагарова, ал ерлер арасында Денис Волотка жеңімпаз атанды. 

Алматы облысында шаңғымен жүгіруден Қазақстан кубогы сарапқа салынуда

Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Солдатсай шатқалында шаңғы жарысынан Қазақстан кубогі бәсекесі өтуде. Жарыс желтоқсанның 21-28 аралығын қамтиды, деп хабарлайды prosports.kz.

Турнирге Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана және Алматы қалаларынан спортшылар қатысуда. 

22 желтоқсан күні коньки стиліндегі спринттік жарыстан әйелдер арасында Эльмира Мутагарова чемпион атанды. Екінші және үшінші орындарда Елена Коломина мен Мария Люфт. 

Ал ерлер арасында Денис Волотка жеңімпаз атанды. Николай Чеботько мен Константин Борцов үздік үштікте. 

Еркін стильде 10 шақырымға жарысудан Денис Волоткаға ешкім жете алған жоқ. Екінші орында Виталий Пухкало, үшінші сатыда Евгений Величко. 

Еркін стильмен 5 шақырымға жарысудан Анна Шевченко топ жарды. Жүлдегерлер қатарында Елена Коломина мен Марина Матросова бар. 

Қазақстан кубогі додасы FIS ережелеріне сәйкес өтуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу