Алматы облысында шомылуға тыйым салынған жерде түнде қыз бала суға батып кетті

384

Оқиға Қапшағай су қоймасында орын алды. 

Алматы облысында шомылуға тыйым салынған жерде түнде қыз бала суға батып кетті Фото: inbusiness.kz

Бір топ жастар "Пионер" демалыс аймағының маңындағы суға түсуге арналмаған су айдынының маңында демалған.

Жастар алкогольдік мас күйінде суға түскен. Өз күшін асыра бағалаған 2002 жылғы бойжеткен тереңге дейін жүзіп, суға батып кетті.

Бұл оқиға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болған. Қауіпсіздік ережелерін бұзған 5 азамат "Әкімшілік жауапкершілік туралы" ҚР Кодексінің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертулер мен тыйым салу белгілері бар ескерту тақталары ілінген жерлерде суға түсуге, сондай-ақ жүзуге жабдықталмаған, бейтаныс жерлерде суға түсуге қатаң тыйым салынатынын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу