Алматы облысында соңғы бір айда жол апатынан 40 адам мерт болған

831

Бүгін түнде 6 адам қайтыс болды.

Алматы облысында соңғы бір айда жол апатынан 40 адам мерт болған

Бүгін түнде "Алматы-Өскемен" және "Қарғалы-Мыңбаев" автожолында жол апаты орын алған.

"Жол-көлік оқиғасы Көксу ауданында ("Алматы-Өскемен") Балпық би ауылына жақын маңда тіркелді, БМВ-525 автокөлігі аударылған. Салдарынан жүргізуші мен көліктегі екі жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Одан өзге екі жолаушы және бір бала ауруханаға жеткізілді. Апаттың себебі қажетті сараптама жүргізілгеннен кейін белгілі болады",– делінген Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ, Жамбыл ауданы Қарғалы ауылы маңында да қайғылы жағдай болды. "Сан-Йонг" пен "Ауди-100" жеңіл көлігі соқтығысып, 3 адам көз жұмды. Ал мертіккен алтауы, оның ішінде екі бала медициналық мекемеге жеткізілген.

Департаменттің дерегінше, соңғы бір айдың өзінде жолдағы апаттардан 40 адамның өмірі қиылған. 140 адам жарақат алыпты.

Апаттардың бәріне, бұрынғыша, жол қауіпсіздігі ережесін сақтамау себеп дейді ведомстводағылар. Полиция жол ережесін мұқият сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу