Алматы облысында сот отырысына келмеген алқаби жауапкершілікке тартылды

313

Оған 200 АЕК, яғни 865 000 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындалды.  

Алматы облысында сот отырысына келмеген алқаби жауапкершілікке тартылды Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Алматы облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қылмыстық істі қарау барысында негізгі құрамға іріктеліп, ант қабылдаған алқабиге сот отырысының уақыты алдын ала ескертілген. Алайда, ол белгіленген күні сотқа дәлелсіз себептермен келмеген және мүлдем байланысқа шықпаған.

Қылмыстық-процестік заңнама талаптарына сәйкес, төрағалық етуші судья аталған алқабиді істі қарауға қатысудан шеттетіп, оны қосалқы алқабимен алмастырды.

Аса ауыр қылмыстық істі қарау кезінде өз міндетіне жауапсыздық танытқаны үшін Қарасай ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен аталған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 657-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу