Алматы облысында су құбыры жарылды

211

Қарғалы ауылында су құбыры жарылып, тұрғындар ауызсусыз қалды. 

Алматы облысында су құбыры жарылды Фото: tolqyn.kz

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, Қарғалы ауылдық округіне қарасты Жеңіс саяжайын ауызсумен қамтамасыз ететін су құбырында ақау шыққан.

"Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін таңғы сағат 9-да Қарғалы ауылындағы барлық абоненттерге су беру өшірілді. "BeyAzh Trans" компаниясының қызметкерлері құбырды ауыстырып жатыр. Жұмысты сағат 12-ге дейін аяқтау жоспарда", - деп түсіндірді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу