Алматы облысында суды арналар арқылы берудің тарифі төмендетілді

645

"Колсайирригация" кәсіпорны 1 млн 156 мың 250 теңге көлемінде негізсіз пайда тапқан.

Алматы облысында суды арналар арқылы берудің тарифі төмендетілді

Райымбек ауданында суды арналар арқылы беру қызметінің тарифі төмендетілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комиттеттің Алматы облысы бойынша департаменті "Колсайирригация" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметіне 2020 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметасының орындалуына талдау жүргізген.

"Нәтижесінде "Колсайирригация" кәсіпорны қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, 1 млн 156 мың 250 теңге көлемінде негізсіз пайда тапқаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Осыған байланысты басқарма кәсіпорын қызметіне уақытша өтемдік тариф бекіткен.

"Бұйрық 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Орташа тариф 1 метр кубқа 0,448 теңге (бір жылға, қосымша құн салығынсыз), яғни тариф 6,67%-ға төмендетілді", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу