Алматы облысында тәркіленген Lamborghini көлігі 5 есе төмен бағаға сатылды

175

Аукцион электронды сауда алаңында өтті.      

Алматы облысында тәркіленген Lamborghini көлігі 5 есе төмен бағаға сатылды Фото: sauda.e-qazyna.kz

sauda.e-qazyna.kz деректеріне сәйкес, ең жоғары санаттағы спорткар 2016 жылы шығарылған және онлайн-казино ұйымдастыру ісі бойынша мемлекет кірісіне алынған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жасыл түсті бұл көліктің 2025 жылғы қарашадағы нарықтық құны бағалаушылар есебінде 114 млн теңге деп көрсетілген.

Көліктің қозғалтқыш көлемі – 5,2 литр, беріліс қорабы – автомат, жанармай түрі – бензин. Құжаттамада автокөліктің техникалық паспорты мен мемлекеттік нөмірлері жоқ екені де көрсетілген.

Бастапқы бағасы 343 миллион теңгеден асқан көлік сатып алушы болмағандықтан, төмендету тәсілімен сатылған. Соның нәтижесінде баға кезең-кезеңімен азайып, ең төменгі деңгейге жақындаған кезде жаңа иесі табылды. Аукцион қорытындысы бойынша суперкар 66,5 млн теңгеге өтті.

Саудадан түскен қаражат толық көлемде мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу