Алматы облысында тауда адасқан 2 турист құтқарылды

260

Туристер таудан өз беттерінше түсе алмаған.  

Алматы облысында тауда адасқан 2 турист құтқарылды Фото: Бейнежазбадан

Алматы облысының Талғар ауданында тауда адасып қалған екі туристке құтқарушылар көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға түнде Бесқайнар ауылынан жоғары, "Ski Park Pioneer" тау шаңғысы кешені маңында болған. Туристер таудан өз беттерінше түсе алмай қалған.

ҚР ТЖМ РҚҚ-нің "Барыс" құтқарушылары оларды тауып, қауіпсіз жерге түсірді. Құтқару жұмыстары кезінде қатты жаңбыр жауған.

Туристер көліктеріне жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болмаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу