Алматы облысында тіркелмеген қырық шақты мылтық тәркіленді

2626

Сонымен қатар қаруды сақтау ережесін сақтамағаны үшін 531 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Алматы облысында тіркелмеген қырық шақты мылтық тәркіленді

Алматы облысының тәртіп сақшылары "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы барысында еш жерде тіркелмеген 39 қаруды анықтап, тәркіледі", деп хабарлайды zakon.kz.

Ведомство таратқан ақпарға сәйкес, қыркүйек айында басталған республикалық іс-шара аясында қару-жарақ иелерінің заңнама талаптарын сақтауына бақылау жүргізіліп, өңірдегі қару-жарақ айналымы тексерілді.

"Учаске" іс-шарасы барысында 39 мылтықтың, оның ішінде – 8 ойық мылтық, 26 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы және өзге қарулардың тіркелмегені анықталды. Олар тәркіленіп, қару иелеріне ірі көлемде әкімшілік айыппұл салынды. 

Сонымен қатар, іс-шара барысында қаруды сақтау ережесін сақтамағаны үшін 531 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексіне сәйкес қару иелері заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтауға тиіс. Өз кезегінде, тәртіп сақшылары заңнаманы білмеу азаматтарды жауапкершіліктен босатпайтынын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу