Алматы облысында төбелес атыспен аяқталды

492

Бір оқушы оқтан қаза тапты. 

Алматы облысында төбелес атыспен аяқталды Фото: ҚР ІІМ

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында алдымен жаппай төбелес болып, артынша 17 жастағы жігітке оқ тиген, деп жазады Inbusiness.kz.

Жасөспірімнің мәйіті Бәйдібек Би ауылындағы үйлердің бірінен табылды, деп жазады qazaqstan.tv.

Жедел-іздестіру барысында полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 22. адамды ұстаған. Олардың 9-ы қамауға алынды. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ал оқ атылған қару күдіктілердің бірінің әкесіне тиесілі екендігі анықталып отыр.

"Сот медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық Кодекстің бірнеше бабымен іс қозғалған", - делінген Облыстық полиция департаменті хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу