Алматы облысында төбелес кезінде адамдарды әдейі қаққан күдіктілер ұсталды

221

Алматы облысының Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматы облысында төбелес кезінде адамдарды әдейі қаққан күдіктілер ұсталды Фото: Бейнежазбадан

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Одан бір топ адамның көліктен түсіп, төбелеске дайындалып тұрғанын көруге болады. Алдымен, бір көлік осы топтағы бір адамды қағып өтеді, кейін екінші көлікте олардың бағытында жүріп өтеді.

– Полицейлер "ізін суытпай" 2 күдіктіні ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу шаралары кешені жүргізіліп жатыр,  деп хабарлады полициядан.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу