Алматы облысында туризм саласына 9,9 млрд теңге инвестиция салынды

Өңірде шаңғы туризмінің әлеуеті жоғары. 

Алматы облысында туризм саласына 9,9 млрд теңге инвестиция салынды Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы брифинг барысында айтты. 

Оның сөзінше биыл туризмді дамытуға қолайлы жағдай жасау, ішкі және сырттан келетін туристер санын арттыру, сондай-ақ осы салаға инвестиция көлемін ұлғайту жоспарланған. 

"Алматы облысы бірегей табиғи әлеуеті мен бай тарихи-мәдени мұрасы бар, жалпы туризмді дамыту үшін көліктік-логистикалық инфрақұрылымы бар еліміздің қаржылық, мәдени, туристік, білім беру орталығы болып табылады. Өткен жылы бұл салада 21 жоба жүзеге асырылып, 9,9 млрд теңгенің инвестициясы тартылды, көрсетілген қызмет көлемі 1,4 есеге өсіп, 6,6 млрд теңгені құрады", – деді өңір басшысы. 

Мәселен, былтыр "Іле-Алатауы", "Шарын", "Көлсай көлдері" ұлттық саябақтарына млн-ға жуық адам келген.

"Шаңғы туризмінің әлеуеті бүгінде тәулігіне 7,5 мың шаңғышыдан 2030 жылға қарай 50 мыңға дейін ұлғайтылуы мүмкін. Таулы кластерді дамыту есебінен облыс экономикасындағы туризм үлесі 2021 жылы 3 пайызды құраса, 2025 жылға қарай 6 пайызға дейін арттыру жоспарлануда", – деді өңір әкімі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу