Алматы облысында тыйым салынған ұйымға қатысы бар 25 адам анықталды

332

​Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек ауылында тыйым салынған "Хизб ут-Тахрир" ұйымына қатысы бар деген 25 жергілікті тұрғын анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Алматы облысында тыйым салынған ұйымға қатысы бар 25 адам анықталды Фото: бейнежазбадан

Алматы облыстық Дін істер басқармасының хабарлауынша, күдіктілердің тұрғылықты мекенжайларында тінту жүргізілген.

Нәтижесінде 11 смартфон, 93 кітап, 16 брошюра, екі дәптер және діни мазмұндағы жазбалары бар блокнот тәркіленді. Қазір алынған баспа және электрондық материалдарға сараптама жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар әр адамның ұйым қызметіне қатысы мен оның деңгейі анықталуда. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп, тергеу қорытындысы бойынша күдіктілердің әрекетіне құқықтық баға береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу