Алматы облысында ұрланған 8 жасар оқушы ісіне қатысты тың дерек шықты

477

Бүгінгі таңда оқушымен психолог жұмыс істеп жатыр.

Алматы облысында ұрланған 8 жасар оқушы ісіне қатысты тың дерек шықты Фото: azattyq-ruhy.kz

Алматы облысы Қарғалы ауылында екінші сынып оқушысын ұрлау ісіне қатысты жаңа деректер белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

Оқушы қыз Қарғалы ауылындағы музыка мектебіне бара жатқан кезде бейтаныс ер адам оны таксиге күштеп отырғызған.

“Мен қашып кетуден қорықтым. Біз алысқа ұзап кеттік, не істерімді білмедім. Ол есімі Руслан екенін, қызы да музыка мектебінде оқитынын айтты. Мені сонда апарамын деді. Чупа-чупс пен пепси сатып әперді, такси ішінде бетімнен сүйіп алды. Мен такси жүргізушісіне бірдеңе деп айтуға қорықтым”, - деді оқушы.

Ресурстың жазуынша, күдікті қызбен бірге жол бойындағы қонақ үйлердің біріне кіргені белгілі болды. Ер адамның қаражаты жетпеген соң, олар қонақ үйден кетіп қалған. Бұдан бөлек мекеме қызметкерлері ер адамның мас екенін байқаған. Одан кейін күдікті оқушы қызды алып, Қарғалыдан ондаған шақырым жерде орналасқан Жібек жолы ауылына бет алды. Ер адам басқа такси табуға әрекеттенген. Бұл жайтты байқап, оқушыны бейтаныс адамнан жергілікті тұрғын Күләш Тенелбаева құтқарып қалады. Оқушы қыз жанында жүрген ер адамның әкесі емес екенін айтқан. 

Болған жайттан екінші сынып оқушысының анасы да өзіне келе алмай отыр. Оның сөзінше, балаларын мектепке әдетте өзі апарады. Бірақ сол күні ондай мүмкіндік болмаған көрінеді. Әйел үш бала тәрбиелеп отыр.

Бүгінде 36 жастағы күдікті ұсталды. Полиция "Адам ұрлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу