Алматы облысында үш ауысымды мектеп пен орын тапшылығы мәселесі қашан шешіледі?

320

2024-2025 жылдары Алматы облысында 53 мектеп салынады.

Алматы облысында үш ауысымды мектеп пен орын тапшылығы мәселесі қашан шешіледі? Фото: inbusiness.kz

Келесі жылы үш ауысымды мектептер саны 39-ға дейін қысқарады. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"2023 жылдың басында облыста 52 үшауысымды мектеп болды. Биыл 14,4 мың орынға арналған 10 мектеп тапсырылды. Бесеуі жылдың соңына дейін беріледі. Келер жылы үшауысымды мектептер 39-ға дейін қысқарады. "Жайлы мектеп" Ұлттық жобасы бойынша 2024-25 жылдары 54,6 мың орындық 53 мектеп салынады. Осының нәтижесінде үш ауысымды мектеп мәселесі шешіледі", - деді аймақ басшысы.

Бұдан бөлек "Білім-инновация және "Қазақстан халқына" қорларымен бірлесіп "Табысты 50 мектеп" атты бірегей жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 756 млн теңге бөлінген. 

"50 мектептің 3,8 мың ұстазы біліктілігін арттыру курстарынан өтіп, 58 мыңнан астам оқушы кешенді оқуымен қамтылды. Жоба аясында "Қазақстан халқына" қорының қолдауымен 50 мектепке 1,5 млрд. теңгеге физика, химия және биология пәндерінің 150 зертхана кабинеттері жабдықталып жатыр", - деп түйіндеді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу