Алматы облысында үстелді тоқпақтаған бас дәрігер қатаң сөгіс алды

661

Өз-өзін ұстай алмай, үстелді жұдырықпен ұрған Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігері қатаң сөгіс алды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Алматы облысында үстелді тоқпақтаған бас дәрігер қатаң сөгіс алды

Нұрлан Құлсейітовке қатысты мұндай шешімді арнайы комиссия шығарды.  Естеріңізге сала кетейік, бас дәрігер халықпен кездесу барысында тұрғынның қойған сұрағына ашуланып, үстелді тоқпақтаған. Артынша залдан шығып кеткен. Оның ашуын тудырған сұрақ ауруханада дәрі тапшылығы жөнінде болған. Кейін бұл оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылып, тексеріс жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу